Қайрат Нұртас ft Әбдіжаппар Әлқожа - Қоштасып қайтеміз

Бір болсада мұңымыз,
Бірімізді біріміз
Біздер неге осынша кінәлайміз?
Қайта оралып келместей,
Кеткеніңмен көрместей,
Жүрегіміз іздесе шыдамаймыз.

Қайырмасы:

Біз қоштаса салармыз,
Басқаны табармыз, дәл солай…
Қол бұлғап қош дейміз.
Сосын жүректі не істейміз?
Өкініп қалармыз бекер біз,
Сүйеміз екеуміз, куәгер
Көк аспан, ай, теңіз.
Онда, қоштасып қайтеміз?

Жырақтасам жаныңнан,
Қол үзгендей барымнан…
Менде сендей қиналам, сағынамын.
Жалғыздықпен достасу,
Оңай емес қоштасу.
Ойланайық асықпай тағы, жаным.

Қайырмасы



Бөлісу: