Қайсар қазақтың көгінде қыран қалықтап, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған дәуір орнағалы қашан. Талай зұлмат замандардағы қиыншылықтар мен қисапсыз басқыншылықтарды бастан өткізген ұлы ел тектілігі мен теңдессіз ата-дәстүрін осы уақытқа дейін бұзба сақтап келді. Енді ары қарай жалғап, болашаққа аманат ету әрбір жастың міндеті. Қайнар Тоқтасынның Қазақ елі атты тамаша туындысын назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз. Сөзін Ринат Зайытов, ал әнін Ұшқын Жамалбек жазған туынды бойыңызға жігер сыйлап, Отанға деген сүйіспеншілігіңізді арттыратыны сөзсіз.