Камила Жұмабаева - Бойдақ қыз
Талғамы мен талабы жоғары қыздар көбіне өзіне сай жігітті кездестіре бермейді. Өзіне серік етер серіге әртүрлі сынақтар қойып, тексеруден жалықпайтын арулар сүйген жанын кезіктіргенше бұл процес ары қарай жалғаса береді. Алайда, біраз уақыт өткеннен кейін, біраз жасқа келгенін ескеріп, бұрынғы талаптары жойыла бастайды. Баяғыдай кезіккен жігітті тергеуден гөрі махаббаттың әткеншегінде тербелуді жөн санайды. "Жаным" деген жігітті жек көрмеңдер, өзі сүю қыздардың соры ғана" деп, Ақұштап Бақтыгереева айтпақшы тәңірдің қалауымен тұрмыс құрған сұлулар, өздерінен кейінгі бойжеткендерге сүйгендерінің қасында қандай дәрежеде екенін еске салып отырады. Осы кішкентай тақырыптың тұздығы ретінде Камила Жұмабаеваның "Бойдақ қыз" атты жаңа бейнебаянын назарларыңызға ұсынамыз.