Қамарсұлу - Келінжан
Текті елдің қызын алып келін түсіру, қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі. Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасаған бабаларымыз, қашанда осы бір ұрпақ жалғастырушы дәстүрге ат үсті қарамаған. Жаңа түскен келінін қызындай көріп, әулеттің ғұмырын жалғастырушылар қатарына қосқан. Себебі, жас жұбайлардың дүние есігін ашқан нәрестелері болашақта қара шаңырақтың иесі атанады. Адамдарға шаттық сыйлар керемет мерекеге өзінің ән-шашуын арнаған Қамарсұлудың "Келінжан" атты тамаша туындысын назарларыңызға ұсынамыз.