Жұбаныш Жексенұлы & Kaliya - Жүрегімнің лүпілі сен
Жүректерді дір еткізер Жұбаныш Жексенұлының дауысы қандай керемет десеңізші. Қарапайым, ашық, ырғақты әуендерді өзіне сай етіп жаздыратын әнші, бүгінде Kaliya-мен қосылып жаңа ән орындап, бейнебаян түсірген екен. "Жүрегімнің лүпілі сен" деп аталатын ән баянды махаббаттың ұзағынан болуына арналған. Бейнебаянның негізгі сюжеті қос ғашықтың бір-біріне отау құруға сөз байласуын көрсеткен. Клип соңында қос әншінің отбасын жеке-жеке көрсетіп, жас жұбайларға өздерінің жолдарын берсін дегендей ыңғай танытады.