Жұбаныш Жексенұлы & Бибігүл Қилымхан - Мен туралы

Мен туралы ойладың ба бақтарда,
Құстар әні күйше шалқып жатқанда.
Ойладың ба мені келіп қалды-ау деп,
Бір жолаушы есігіңді қаққанда.

Ақша бұлттар жүзсе көкте сендегі,
Бұрымыңды сипап өтсе жел келіп.
Қара жолға қарап ұзақ тұрдың ба,
Тәтті үміттің құшағында тербеліп.

Қанатыңа қайрат жалғап біраз жол
Бәлкім, бәлкім іштей ғана тынарсың
Ізде мені-ау, ойландың ба мен жайлы,
Бәлкім тіпті ойланбаған шығарсың.

Бәрі мүмкін емес мұны кінәлау,
Мүмкін тағы ұнап жүріп, ұнамау
Бәрі мүмкін ал бірақ  мен жайында
Ойланбауың мүмкін емес шығар-ау.

Мен туралы ойладың ба бақтарда?
Мен туралы ойладың ба бақтарда?



Бөлісу: