Жұбаныш Жексен & Abik Jeksen - Жолдар

Ел эстрадасында өзінің қоңыр дауысымен ерекшеленетін Жұбаныш Жексен ұлы Абик Жексенмен бірге жаңа ән жазды. "Жолдар" деп аталатын тамаша туынды осы уақытқа дейін тыңдаған көрерменнің құлақ құрышын қандырған. Барлығы ізгі тілектері мен сүйіп тыңдайтындарын жарыса жазуда. Ал, ұлына келер болсақ, Абик Жексеннің дауысы да ерекше екені баса айтылып жатыр. Тың дүние зор тебіреніспен шыққанына жоғары баға берген халық әкелі-балалы әншілер өнерлерінің ары қарай шыңдала беруіне тілектестік танытуда.