Жолдасбек Абдіханов - Өкінбеймін
Тағдырдың жазуымен екі жаққа кетіп жатқан ғашықтар жетерлік. Бір-бірі үшін жаралмағанын түсінген Төлеген мен Жібектің ортасына Бекежандар түспей-ақ жөнін біліп кете баруда. Олардың өткінші махаббаттары да күз келгендегі гүлдей солып, келесі жанды кезіктіргенде қайта ашылады. Ал, ортасы жолдасы түскен ғашықтар бір сезімнің қасіретін үшеулеп тартпақ. Қимастықтың соңы қиянатпен аяқталатын трагедиялық оқиғалар өмірде де жеткілікті. Жолдасбек Абдіхановтың орындауындағы "Өкінбеймін" әні осы бір мұңлы кездің көрінісін көрсетеді. Барлығының соңына жеткенде басын аңсайтын жандар қашан да көздегеніне діттемей, көзінен жасы тыйылмай ағатынын ертерек ескермейді.