Жолдасбек Әбдіханов - Ауылым

Жолдасбек Әбдіхановтың орындауындағы әнді ести қалсаңыз, бірден ауылға тартқыңыз келе ме? Сіз секілді ойлап жүрген жандар жетерлік. Себебі Жолдасбектің "Ауылым" әні қазіргі таңда үздіктердің алдыңғы қатарынан табылғанымен қоймай, халықтың ыстық ықыласына бөленуде. Дауыс ырғағымен қоса әннің өзі де жан тебірентер тамаша күй сыйлайды. Енді көптен күткен бейнебаяны да жарыққа шыққан екен. "Шаншар" театрының актері Жүсіп Ақшораевпен бірге еліміздегі мықты ойынымен көзге түскен жайдарманның жігіттері клиптегі көрінісіне арқау болыпты. Нағыз ауылдың тамаша бейнесін ұсына білген жігітке тек биікке өрелей бер демекпіз. Сонымен сағына күткен бейнебаянды тамашалайық.