Жігер Ауыпбаев - Жоғал әрі
Қайырмасы:
Жоғал әрі,
Сүймесең одан ары,
Жолым менің сенсіз-ақ та оңалады.
Бақытсыз боп қалар деп еш уайымдама,
Бақ дегенің маған да қонар әлі.
1. Ештеме де айтпашы,түшш! үндемегін,
Жетер сырттан өсектеп тілдегенің.
Мені жалғыз қалдырып жөніңе кет,
Өзіңсіз де шырағым күн көремін.
Сен биіксің,тұр менен өмірі асып,
Қалсын мейлі тағдырдың соры басып.
Тек өтінем көзіме күйік болмай,
Кетші, жоғал, (мархаббат) жолың ашық.
Қайырмасы
2. Қиналғанда хәлімді жылы сұрар,
Сен емессің жанымды дұрыс ұғар.
Енді маған бәрібір не қылсаң да,
Кетем десең кетеғой, құрышы бар!
Сен биіксің,тұр менен өмірі асып,
Қалсын мейлі тағдырдың соры басып.
Тек өтінем көзіме күйік болмай,
Кетші, жоғал, (мархаббат) жолың ашық.
Қайырмасы