Жігер Ауыпбаев - Жаман қыз
Бір қыз бар ең жаман, қандай дегмегін,
Жаман қыз болса да айдай көремін.
Жұлдыздар азайып, таңым атқанша,
Мен сол жаман қызды ойлай беремін.
Жанып барамын, күйіп барамын,
Бар дүниені тек соған жиып барамын.
Уақытымды бөліп, қиып барамын.
Мен сол жаман қызды сүйіп қаламын.
Бағым тасып, асып мерейім,
Адал қызды жақсы көремін.
Көз тиеді жақсы демейін,
Жаман қызды жақсы көремін.
Бағым тасып, асып мерейім,
Адал қызды жақсы көремін.
Көз тиеді жақсы демейін,
Жаман қызды жақсы көремін.
Ештеңе демеймін, мүлдем демеймін,
Ол қыз барда бәрін күнге бөлеймін.
Біреу жақсы қызды айға теңесе,
Мен сол жаман қызды күнге теңеймін.
Қасынан қайтейін, кете алмай жрмін,
Асудан айналып өте алмай жүрмін.
Жақсы қыздар маған жетіп жатса да,
Мен сол жаман қызға жете алмай жүрмін.
Бағым тасып, асып мерейім,
Адал қызды жақсы көремін.
Көз тиеді жақсы демейін,
Жаман қызды жақсы көремін.
Бағым тасып, асып мерейім,
Адал қызды жақсы көремін.
Көз тиеді жақсы демейін,
Жаман қызды жақсы көремін.