Жаным-ау, күнім-ау, әр сенің қылығың,
Жалғайды мендегі көңілдің сынығын.
Сен барда жанымда еркетай құлыным,
Бақытты ананың, ананың бірімін.
Кішкентай жүрегім, тәттісің, білемін.
Бір тілек тілесем өзіңе тіледім.
Аман бол, аман бол кішкентай жүрегім.
Көзіңнен көремін тағдырдың тынығын,
Өзінсің себебі байлығым ғұмырым.
Сен барда жаным а еркетай құлыным
Сарқылмас аналық, аналық жылуым.
Кішкентай жүрегім, тәттісің, білемін.
Бір тілек тілесем өзіңе тіледім.
Аман бол, аман бол кішкентай жүрегім.
Кішкентай жүрегім, тәттісін, білемін
Әрқашан адалдық болсыншы тірегің.
Сол менің, ол менің аналық тілегім.