Жанболат пен Жазира - Ғаламның ғажабы
Тірегім таудай, сөздерің балдай
Көңілді ғашық ететін
Ақ жүзің қардай, әдемі қандай
Жан бар ма саған жететін
Қайырмасы
Әдебін сақтаған көзайымы жанардың
Ақ ұлпа мақтадан ажарлысың жоқ-ау мін
Ғалымдар таппаған ғажабысың бұл ғаламның
Жанылмай тапқанай жүрегімнің гүлісің
Жаныма жаққан-ай сенің қайсар мінезің
Жеткізер баққа оңай сен тұтатқан сезім
Ұнайды қатты, қылығың тәтті
Жанымды менің баураған
Бағалар бақты, адал жан тапты
Жүрегім мына жаураған
Қайырмасы
Әдебін сақтаған көзайымы жанардың
Ақ ұлпа мақтадан ажарлысың жоқ-ау мін
Ғалымдар таппаған ғажабысың бұл ғаламның
Жанылмай тапқан-ай жүрегімнің гүлісің
Жаныма жаққан-ай сенің қайсар мінезің
Жеткізер баққа оңай сен тұтатқан сезім