Жанар Дугалова - Ақымақ болма
Жүрегім ақымақ болма,
Ол сені тағы алдайды.
Ол сендей сүйе алмайды
Тек бір жанды.
Үмітке қайтадан толма
Ол түсіне алмайды.
Ашсаң да ішіндегі
Бар сырыңды.
Қанша рет айтам саған
Ұмыт оны.
Сансыз уәделер керек емес,
Сезімі оның – алдамшы елес.
Жүрегім ақымақ болма,
Ол өзгере алмайды.
От боп жалындайды,
Бірақ қала алмайды
Мәңгі қасыңда.
Қайырмасы:
Ақымақ басым еш тыңдамайды
Түнімен ойым дамыл бермейді.
Ақымақ қолым қолын аңсайды,
Еріндерім де сағындым дейді.
Көзім – ақымақ, көрем деп жылайды,
Арман – ақымақ, ой да сен, қоймайды.
Сенем саған ғана жүрек, тек сен
Ақымақ болмашы, ақымақ болма, жүрегім,
Асықпа, шыдашы.
Ақымақ болма.
Жүрегім ақымақ болма,
Ол сенімен ойнайды.
Артына қарамайды
Кетер кезде.
Өзіңді жаралы қылма
Махаббат аямайды,
Қалмашы өкінішпен
Жауап іздеп
Қанша рет айтам саған
Ұмыт оны.
Сансыз уәделер керек емес,
Сезімі – кейде жалт еткен елес.
Жүрегім ақымақ болма,
Ол өзгере алмайды.
Таң боп жақындайды,
Бірақ жарқырайды,
Мәңгі алыстан.
Қайырмасы:
Ақымақ басым еш тыңдамайды
Түнімен ойым дамыл бермейді.
Ақымақ қолым қолын аңсайды,
Еріндерім де сағындым дейді.
Көзім – ақымақ, көрем деп жылайды,
Арман – ақымақ, ой да сен, қоймайды.
Сенем саған ғана жүрек, тек сен
Ақымақ болмашы, ақымақ болма, жүрегім,
Айтқанды тыңда,
Ақымақ болма.
Қанша рет айтам саған,
Іздеме, керек емес,
Жеңілме жүрек,
Тағы күрес,
Қанша рет айтам саған,
Оралып жылдар келмес,
Сенші сезім жоқ,
Уақыт жеңбес.
Жоқ, қанша рет айтам саған
Жүрегім ақымақ болмашы,
Ол өзгере алмайды.
От боп жалындайды,
Бірақ қала алмайды
Мәңгі қасыңда.
Қайырмасы