Жамбыл Рысбай - Әкешім
Әрбір адам есейе келе өзін еркін сезініп, кеңге қанат жайғысы келеді. Мұндай әрекеттердің кейбірі мұратқа алып барса, енді бірі ағаттыққа жетелейді. Осындай сәттерде қай бағытты таңдау керектігін ата-ана балаларына дұрыстап түсіндіруге құмартып отырады. "Өзім білем" нұсқасын таңдағандар үлкен өкінішке тап болып, үлкеннің сөзін елегендер ел алдында да ата-ана алдында да мол абыройға ие болады. Бұл сөзімізге Жамбыл Рысбайдың "Әкешім" атты тамаша бейнебаяны дәлел. Жастықтың отымен жастайынан араққа үйір болған азамат әкенің әңгімелерінен ысырып мастыққа құмар болады. Соңында асқар тауын жоғалтқан жігіт барлығын кеш түсініп, әттең-ай деп бармағын тістеп қалады.