Жоғалттым қаншама жылдарды
Қуанып қарсы алатындарды.
Менің тек махаббатым қалды,
Сен қалдың.
Ғашықтық ғаламатындамын,
Сезілді сағынышың жалын.
Сен барсың, барың үшін жаным,
Мен бармын.
Сен барсың, барың үшін жаным,
Мен бармын.
Қайырмасы:
От болып жанасың,
Жүрекке дауасың.
Сен ешкімде жоқсың,
Тек менде ғанасың.
Сүйемін соның сыры неде?
Өзгені өзімсінуге де
Өкінбей өмір сүруге де
Себепшім.
Күн нұрын төгіп тұрған кезде
Көздерің көріп тұрған кезде.
Жүрегің соғып тұрған кезде
Керексің.
Жаным, сен өзгелерден өзге,
Бөлексің!
Қайырмасы:
От болып жанасың,
Жүрекке дауасың.
Сен ешкімде жоқсың,
Тек менде ғанасың.