Адам өмірге шыр етіп келгеннен бастап оның басына әртүрлі жағдайлар жазылары һақ. Алайда, барлығын салмақтап, сабырмен ойланып шешкен адам оның екі түрлі жолы бар екенін бірден аңғарады. Демек, таңдау әрбір жанның өз еркінде. Кейбіреуі сәтсіз қадамдар жасаудан сүрініп, тағдырына налып отыратыны да жасырын емес. Ал, қанша құласа да сыр бермей, өзінің алға қойған мақсаттарына жету жолында барлығына төтеп берген пенделер, соңында бақыттың бал ғұмырын кешетіні сөзсіз. Мұндай оқиғалар туралы қаншама кинолар мен кітаптар жарық көрген. Тіпті жан тебірентер әуендердің өзін тыңдасаң жүрегіңдегі болып жатқан оқиғаны өзге біреудің баяндап отырғанына көз жеткізуге болады. Сүрінсең сілтеп басып, арманыңа адымдауыңды тоқтатпа деп Индира Елемес өзінің Ризамын, тағдыр атты бейнебаянымен талай адамды рухтандырған. Осы бір көңіліңізге ерекше сезім сыйлар әнді назарларыңызға ұсынамыз.