Ильяз Абдыразаков – Өмүрдөн адашпа

Қырғыз ағайынымыздың өнерінде жаңа бейнебаян жарық көрді. Ильяз Абдыразаков есімді әнші бұл әнімен тағдырға мойымау, өмірден баз кешпеу керектігін жеткізгісі келген секілді. Барлық сынақтан тосылмай өтіп, бардың қадірін білу керектігін осы бейнебаянда көрсетеді. Әннің аты айтып тұрғандай, өмірден адаспай, өз жолын тапқан адам қиындықты жеңе алады.