Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра дегендей, атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалта қоймады. Керісінше, заманауи қосымшалар қосылып, одан әрі құнды жәдігерлер көшінде тұрғаны анық. Сонау Құрманғазыдай тұлғалардың күйлерінен сусындаған жұртшылық әлі күнге дейін домбыраның үніне құлақ түріп, тоқтай қалатыны жасырын емес. Заманауи талаптармен жасалынған қазіргі дәуірдің домбыралары күмбірлегенде бүкіл жан тәніңе ерекше бір рух береді. Ал, Ханзада тобының Домбыра деп шырқаған әні көңіліңізге жақсы бір шырай сыйлайтыны тағы бар.