Ғазизхан Шекербеков – Махаббатым

"Ән – көңілдің ажары", кейбір әндерді жай ғана тыңдап отырып, жалғанды жайлаған жайсыздықтың бәрін ұмытып, өз-өзіңнен рахаттанасың. Бойыңа ерекше күш бітіп, көз алдыңда болып жатқан оқиғаларды ойыңмен бір шолып өтіп, өмірге деген құштарлығың артады. Өзінің ырғақты әнімен, ерекше дауысымен халықтың жүрегін жаулай білген Ғазизхан Шекербековтың жаңа әнін назарларыңызға ұсынамыз. Күйбең тірліктен ада болып, көңілді ләззатқа билетуге таптырмайтын әннің аты "Махаббатым" деп аталады. Жас та болса өзінің тума талант екенін көрсете білген жігіттің жұмысына жарайсыңнан басқа айтарымыз жоқ.