Ғазизхан Шекербеков – Алдаған арман
Кім жанашыр, айналар кім досыңа?
Айтпайтын да сөзің бар сырласыңа.
Аласың керегіңді, жасайсың дегеніңді
Жағдайың да жетеді бір басыңа.
Шын бақытты адамдай көрінесің.
Кейде бірақ ортадан бөлінесің.
Күндей боп күлгеніңмен, жарқырап жүргеніңмен,
Оңашада жарты аңсап егілесің.
Қ-сы
Махаббат сапарында
Ешкім жоқ қатарыңда.
Жалғыздық мұңайтады
Ұйқыға жатарыңда.
Біреуге бағалысың
Біреудің алауысың.
Арнайсың өміріңді
Балаң үшін.
Ана болып тұрсаң да көнгің келмей
Әкенің де өз рөлін бергің келмей.
Ешкімге дес бермейсің, сезімді ескермейсің.
Алданғасың арманға сенгің келмей.
Қ-сы
Махаббат сапарында
Ешкім жоқ қатарыңда.
Жалғыздық мұңайтады
Ұйқыға жатарыңда.
Біреуге бағалысың
Біреудің алауысың.
Арнайсың өміріңді
Балаң үшін.