Ғани & Бота – Анама
Бота:
Мен кіммін деп мақтана алам,
Талапты ғып тапқан анам.
Аппақ сүтін аузыма сап,
Адал бол деп баққан анам.
Қайырмасы:
Бесігінде шошиды деп,
Түнде шырақ жаққан анам.
Бал татыған тәп-тәттім деп,
Көрпе қымтап жапқан анам.
Ғани:
Көз нұрым деп, көңіл бөліп,
Талай мехнат тартқан анам.
Оянғанда қуансын деп,
Сылдырмағын таққан анам.
Қайырмасы
Бесігінде шошиды деп,
Түнде шырақ жаққан анам.
Бал татыған тәп-тәттім деп,
Көрпе қымтап жапқан анам.