Өзінің ерекше стилімен ел эстрадасынан ойып орын алған Ғалымжан Молданазар жаңа бейнебаян түсірді. Жауап бар ма? деп аталатын әннің сюжеті темір жол вокзалы мен бос қалған стадионда түсірілген. Қолына айна ұстап қаланы кезген әнші өзінің сүйіктісін қайдан іздеу керектігін білмей дал болады. Бұрын барған жерлерін көріп, елесімен кезіккен ғашық, соңында осы бір бұйырмаған махаббатымен қош айтысып, айнасын қалдырып кетеді. Тамаша түсірілген бейнебаян, сізге қандай әсер қалдырғанын пікір ретінде қалдырсаңыз болады.