Ғаділбек Жаңай - Мен оны ойласам

Сол күндер қайда қалды,

Түн жапты айналамды.

Ұмыта алдың ба деп,

Төбемнен ой қадалды.

 

Неге кірдің түсіме, келмейтін болсаң,

Санада сұрақ, тергейтін қанша.

Айтып берер еді ғой бәрін жұлдыздар,

Сөйлейтін болса.

Мен оны ойласам мұңға батамын,

Жанардан бір тамшы сырғанатамын.

Үнсіздік салады сағыныш әнін,

Тыңдап жатамын.

Мен оны ойласам, көп қайғы батып,

Тереземді келіп қақпайды бақыт.

Мен оны ойласам, жердің бетінде

Тоқтайды уақыт.

 

Сырласып өлеңменен,

Сезімге бөленген ем.

Ол маған «сүйем» деген,

Мен оған «сенем» дегем.

 

Неге кірдің түсіме, келмейтін болсаң,

Санада сұрақ, тергейтін қанша.

Айтып берер еді ғой бәрін жұлдыздар,

Сөйлейтін болса.

Мен оны ойласам мұңға батамын,

Жанардан бір тамшы сырғанатамын.

Үнсіздік салады сағыныш әнін,

Тыңдап жатамын.

Мен оны ойласам, көп қайғы батып,

Тереземді келіп қақпайды бақыт.

Мен оны ойласам, жердің бетінде

Тоқтайды уақыт.