Тыңдама, мүмкіндік болса менің әнімді, әнімді
Түн ғана түсінер осы сәтте халімді, жанымды
Қалмашы жолыңнан,
Қош бөгелме.
Шегінбе
Егілме
Келмейді қолыңнан ештеңе де,
Сенің де,
Менің де.
Қайырмасы
Бір келіп сезім отын жағып кеттің,
Бір келіп.
Қиын күйге салып кеттің бір келіп
Жұлдыз болып ағып кеттің көзімнен-ай!
Бір келіп сырларымды танып кеттің бір келіп.
Жанар таудай жарып кеттің бір келіп,
Жүрегімді алып кеттің,
Өзіңмен.
Сен үшін ғашық болып нұрын сүйдім көктемнің
Сен үшін салқынын қара күздің жек көрдім
Арада қамал бар
Алынбайды.
Жалғанда.
Алданба.
Тым жақын адамдар
Сағынбайды.
Сүймейді
Таңданба.
Қайырмасы
Бір келіп сезім отын жағып кеттің,
Бір келіп.
Қиын күйге салып кеттің бір келіп
Жұлдыз болып ағып кеттің көзімнен-ай!