Мына тағам түрін жеймін деп қаза тапқан адамдар бар. Бұл — жапон асханасында дайындалатын Фугу балығы.
Ол теңіз жұлдызы және бақалшықтармен қоректенеді. У-дың жиналу себебі де сол. Оның үстіне, барлық денесі емес, тек белгілі бір аймағы ғана улы болады.
Балықты дайындаудың әдісі — оны дұрыс бөлу. Егер уға толы аймағы зақымданса, тағам жеуге жарамсыз болады. Ал уланған адам сал ауруына шалдығады. Тынысы тарылып, дем алуы қиындайды. Тіпті кейде өліп кетеді.
Фугу балығын дайындауды кез келген адамға сеніп тапсырмайды. Оны дұрыс бөлу үшін аспаздар жылдар бойына жаттығады.
Жапонияда жыл сайын бірнеше адам бұл тағам түрінен уланып, қаза табады. Соған қарамастан оған сұраныс азаймаған. Өйткені фугу балығын тұтыну жапондықтар үшін үлкен құрмет.