Фарида Жолдасова - Алғашқы Көктемiм

Ерекше даусымен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген Фарида Жолдасова "Алғашқы Көктемiм" атты әніне бейнебаян түсірді. Аталған туындының сюжетіне көз салсаңыз, өткен уақытты қайтара алмасын түсінген сұлуды бірден аңғарасыз. Естелікке толы үйдің ішіне кіріп өзінің қызықты дәуренін көз алдына келтірген аруды бейнелейтін клип көңілді босатып жібереді. Ерекше дүниеге үлкен бағасын берген көрермен қауым жақсы пікірлерін жаудыруда. Сонымен бұл ән клипі сізге қалай әсер етер екен?