Біраз жыл бұрын ел эстрадасында керемет әуендерімен есте қалған АБК тобының экс мүшесі Ерлан Көкеев жаңа бейнебаянын тыңдарман қауымға ұсынды. Көптеген тың идеялармен танымал әндердің композиторы бүгінде біраз белесті бағындырған. Ұзақ жылдан бері қолынан гитарасын тастамайтын әншілердің қатарынан орын алған Көкеевтің өнеріне жоғары баға беретін жандар жетерлік. Бүгінгі таңда біраз жасқа келген әнші өзінің кішкентай күнін еске алып Балалық деп әндеткен екен. Клиптің көріністері көрерменді өзіне бірден баурап алады. Себебі, мұндай жерлерге түсірілген бейнебаян әзірге жоқтың қасы. Сонымен әншімен бірге сіз де бала бақытыңызға саяхаттап қайтыңыз.