Жүректің төрінен орын алатын ана деген арадақты есім әрбір жан үшін барлығынан жоғары тұрады. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, өмір бақи жүрегінде ұстап өтетін қасиетті жандарды қадірлеу әрбір баланың бұл жалғандағы басты парызы. Қай саланың маманы болмасын барлық бала өзінің ата-анасына жақсылық жасап, оларды алақанында ұстауға тырысады. Бүгінгі Еркін Нұржанов пен Аян Сейітовтың жаңа туындысы Ана деген ең ұлы ұғымға арналады. Күннің суығы былай тұрсын, тағдырдың аязынан да қамқорлықпен қорғаштайтын мұндай жандарға бұл өмірде қаншама жақсылық жасаса да баланың парызы еш орындалмайды.