Еркін Мәулен - Қар жауған күн

Қыс мезгілі жақындаған уақытта жер бетін ақ ұлпаның көмкерген керемет көрінісін көру - әрбір жанның арманы. Күннің суығына қарамастан далаға шығып, ақ ұлпаны басып, өлі тыныштықтағы серуен көпшілікке керемет көңіл күй сыйлайды. Ал осы бір ерекше уақытта өз үйлесімін тауып жаныңа жақын әуен тыңдау тіптен тамаша.  Еркін Мәулен дәл осы құбылыстың кілтін тапқандай "Қар жауған күн" атты әуезді әніне жаңа бейнебаян түсіріп, қалың көрерменге ұсынды. Жаңа клипке берер бағаңыз қандай, көріп өз ойыңызды білдіре отырыңыз.