Еркебұлан Құмаров – Сәлем
Сәлем, күлімдеп тұрсың алдымда.
Сен де таңқалып мендей қалдың ба?!
Бірге өткізген кеше екеуіміз
Тәтті шақтарды еске салдың ба?
Қалай, бәрі шын ба?
Кенеттен шыға келдің алдымнан,
Әдемім менің.
Боларын сыйдың мұндай тағдырға
Мен де білмедім.
Көйлегің су боп қалған жаңбырда.
Күлімдеп тұрсың.
Бұл жаңбыр сағынышын жаудырған сәлемім менің!
Әлем куә ғой, куә ғой бәріне.
Сені сүйемін шексіз әлі де.
Қайта болуға бірге бақытты
Айтшы кедергі тағы не?
Түсінбеймін мүлде.