Ерке Есмахан, Томирис Ерболатқызы - Қыз Арманы
"Армансыз адам – қанатсыз құспен тең" демекші, бұл өмірге келген әрбір бүлдіршіннің өзіндік ойы, мақсаты қиялы болады. Оған жету үшін көптеген кедергіге төтеп беріп, қиындықтарынан құламай өту керек. Алайда, көптен күткен жоспарыңыз орындалған күні, тағы да басқа арман алып қияға жетелейді. Бұл құбылыс көбіне қыздар қауымына тән. Ақбоз ат мінген ханзаданы сәби кезінен кезіктіруді ойлайтын сұлулар бойжете келе өзге де дүниелерді армандай бастайды. Бүгін соның куәсі ретінде Ерке Есмахан мен Томирис Ерболатқызының орындауындағы "Қыз Арманы" атты тамаша туындыны тарту етеміз. Қос сұлудың арасындағы диалог іспетті әуен көңіліңізді көтеріп, ойлаған істеріңізге құлшынысыңызды арттыра түседі.