Ержан Тұрсын - Сүйдім жаным
Өмірде өз махаббатын үйленгеннен кейін жолықтыратын жігіттер өзін-өзі табалаумен өтеді. Кейбір жұптар тіпті ажырасуға дейін жетіп жатады. Сондықтан өзіңізге жар таңдағанда абай болғаныңыз абзал. Бұл сөзімізге бүгінгі қоғамның көрінісі мен Ержан Тұрсынның "Сүйдім жаным" атты бейнебаяны дәлел. Махаббатсыз отасқан жігіт, арада біраз уақыт өткеннен кейін өзінің махаббатын жолықтырады. Екі ортада опық жеген жігіт соңында сүйгенінен де, сүйкімді жарынан да айырылады. Мұндайда ата-бабамыз "екі кеменің басын ұстаған, суға кетеді" деген емес пе...