Елнұр Наурызбек – Әппақ қыз

Сыңғырлап соғып соңғы қоңырау,

Жапырақ жүрегімді тоңдырды-ау.

Бойжеткен бозбала едік бұл кезде

Ай шіркін, барып қайтсақ сол кезге.

Сен кеттің тоғыздан колледжге.

 

Әппақ қыз, ұрладың менің еркімді.

Әппақ қыз, бұзбашы берген сертіңді.

Мендегі өзгермес сезім қамалы,

Өзгеріпсіз ал сен шамалы.

 

Мектептегі балдырған қыз бой жетіп танымастай өзгерген

Парталастың өзгерерін сезбеген.

Сен үшін талай көше кезген ем.

Жанымнан өзге көрсем, төзбеген.

Сырласып тұрушы едік күзбенен.

 

Әппақ қыз, ұрладың менің еркімді.

Әппақ қыз, бұзбашы берген сертіңді.

Мендегі өзгермес сезім қамалы,

Өзгеріпсіз ал сен шамалы.