Кейде соңынан жүгірген жігітке көз қырын салмай жүрген арулар уақыт өткеннен кейін бармағын тістеп қалып жатады. Сұлудың қыр соңынан қалмай, жүрегін жаулап алу үшін нендей әрекеттерді жасаған серілер аяғында өзгенің бағын ашып, жаңа өмір сүруге бейімделіп кетеді. Өмірдегі осы бір оқиғаны өзінің бейнебаянында көрсете білген Елжас Төренің Ұмыт атты тамаша әнін тамашалаңыздар. Шаншар әзіл-оспақ театры актерларының қатысуымен болған клип шынайы да сапалы шыққан.