Қыз бен жігіттің арасындағы достықтың бар екеніне біреу сенсе, біреу сенбес. Талай уақыттан бері талданып келе жатқан әңгіменің ашығын ешкім білмейді. Себебі, кейде сұлу мен серінің достығынан махаббат пайда болса, енді бірде не қыз болмаса жігіт жалғыз өзі сүйіп қалатын жайттар да кезедеседі. Дәл осындай жағдай Дуэт А тобында да орын алған іспетті. Ғаламтормен тілдесіп, бір-бірімен тамаша көңіл көтеріп сөйлесетін қыз бен жігіт достық қарым-қатынаста ұзақ уақыт болады. Соңында қолына раушан гүлін алып сұлуға барған жігіт оның басы бос емес екендігіне көзі жетеді. Әрине, тағдырдың шұбалаң жолы тығырыққа кіргізіп, кейіннен шығар жолды міндетті түрде тауып береді. Сүйгендеріңізге сезімдеріңізді жеткізіп, Естідім деген ерте уақытта сөзін алыңыз. Болмаса, мына бейнебаяндағы жағдай сіздің басыңызда да болуы мүмкін.