Ескі әндерді сағынышпен тыңдап, жиындарда билеп, отырыстар да қосыла әндететіндер бар. Ал кейбір әндер қанша жыл өтсе де ескірмейді. Дегенмен, ескірмеген әндерге жаңа леп сыйлайтын бейнебаяндар ғана.
Әнің Жазған: Махмут Майшекин,
Сөзің жазған: Шәмші Қалдаяқов
Жаз күніндей жайнаған
Масатыдай жер сұлу.
Аққу, қаздар тойлаған
Айдын шалқар көл сұлу.
Қайырмасы:
Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан,
Бәрінен де сен сұлу.
Нұрын төккен қырмызы
Аспандағы күн сұлу.
Жымың қаққан жұлдызы
Айлы кеште түн сұлу.
Қайырмасы:
Тәрбиелі тамаша,
Бал мінезді жар сұлу.
Таңданарлық қараса,
Талай абзал бар сұлу.