Көңілді әндерімен көпшілікті өзіне баурап алған Ділхан Исаев тағы бір тың туындысын жарыққа шығарды. Жаным сол деп аталатын әуезді ән сүрбойдақтар мен сері жігіт іздеп жүрген аруларға қарай бағытталып айтылған. Той көйлегін киіп сауда орталығында әртүрлі қимыл жасаған сұлулар клиптің өңін ашуда. Ал қара костюм киіп, тамаша би билеген жігіттер өздерінің арулардан еш қалыспайтындарын тағы бір дәлелдеді. Ыстық сезім мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бейнебаянды тамашалап, әншінің бұл жолғы дүниесіне өз бағаларыңызды беріңіздер.