Қазіргі уақытта көптеген адам ғаламтордың шырмауына түсіп, шынайы өмірден алшақтап барады. Смайликтер мен жазбаша келген смс хаттар жаһандағы жандардың бір-бірімен тілдесуіне тосқауыл болуда. Бұл әлем ғалымдары алаңдап отырған басты мәселелердің бірі. Жас әнші Динара Сұлтан да бұл жағдайдың алдын алу барысында Таста-insta атты бейнебаян түсірген екен. Қолына телефон алып тапжылмай отырған жандардың қасына биші жігіттер барып шынайы өмірде не болып жатқандығын түсіндіруге тырысып бағады. Қазіргі дәуірдің нақты келбетін көрсеткен клипке көз жүгіртіңіздер.