Динара Сұлтан - Таста-insta

Қазіргі уақытта көптеген адам ғаламтордың шырмауына түсіп, шынайы өмірден алшақтап барады. Смайликтер мен жазбаша келген смс хаттар жаһандағы жандардың бір-бірімен тілдесуіне тосқауыл болуда. Бұл – әлем ғалымдары алаңдап отырған басты мәселелердің бірі. Жас әнші Динара Сұлтан да бұл жағдайдың алдын алу барысында "Таста-insta" атты бейнебаян түсірген екен. Қолына телефон алып тапжылмай отырған жандардың қасына биші жігіттер барып шынайы өмірде не болып жатқандығын түсіндіруге тырысып бағады. Қазіргі дәуірдің нақты келбетін көрсеткен клипке көз жүгіртіңіздер.