Динара Сұлтан - Құсни Қорлан
Бір қыз Маралдыда Қорлығайын,
Табиғат берген екен күн мен айын.
Мұратқа іздеген жан бәрі жетер,
Дариға-ай арманым жоқ не қылайын.
Қайырмасы:
Ахау, арман,
Құсни, Қорлан,
Екеуі туған екен бір анадан.
Бозбала, қалма қапы бұл жалғаннан,
Жігіттің арманы жоқ Қорланды алған.
Әуелде жазбаған соң болмайды екен
Дариға-ай арманым жоқ не қылайын.
Ахау, арман, Құсни, Қорлан,
Екеуі туған екен бір анадан.