Той бизнестің дүркіреп тұрған уақытында әншілердің әсерлі әнін анда-санда ғана тыңдайтын болдық. Барлығы биге арналғандықтан, кейбірінің сөзінде салмақ жоқ екенін ұғып жүрміз. Ал, әуезді өлеңге шөліркеп жүрген жандарға арнап жазылған әндер бірден көпшіліктің жүрегінен орын алып, халықтың үлкен ықыласына бөленеді. Соның бірі Динара Сұлтанның орындаған Желкілдек әні. Қазақы киіммен көріністің сәнін ашқан әнші ырғақты дауысымен талайды таңғалдырып жіберді. Құмарыңызды қандыратын әнді тыңдап, бір сергіп алыңыз.