Алдына мақсат қойған адам қандай қиындықтар болса да төтеп беріп, бұзып өтуге деген құлшыныста болады. Әрбір сүрінген сәтте жебеп жүрер кішкентай арманы қайта тұрып қадам басуға итермелейді. Армансыз адам ормансыз бұлбұл. Әркімнің әртүрлі арманы болады. Жүректің төрінен орын алған осы бір алдамшы үміттің жетегімен жүргендер соңында зор бақытқа ие болары сөзсіз. Динара Сұлтанның Арман жолында атты әні сүрінсең де соңына дейін шыдауға жігерлендіреді. Алдынан шыққан тосқауылдарға қарамастан амалын тауып, арманына қарай алға жүре береді.