Динара Қырықбаева - Бағала

Әні: Манарбек Жуматай 
Сөзі: Асқар Дүйсенбі

Тек сені сүйдім
Өртендім, күйдім
Тағдырдың сыйы бұл
Бақытым сен деп білдім
Саған сендім
Соңынан ердім
Жаны нәзік гүл
Жан-сырын төксін жерде бір

Сен үшін суға да төздім
Сен үшін отқа да жандым
Қадірін білмедің жардың
Неге сен бағаламадың

Әр әйел құшағын жайып
Бақытты болуға лайық
Мен сені шын жақсы көрдім
Мендегі сол ғана айып

Гүлдей нәзік көңіл деген
Келмеймін өмірге екі рет мен
Жүрегім қалайды шаттануды
Сәулелі ғұмырдан бап табуда
Жабырқатпа, жырақтама
Тілегім сұрайды бір-ақ қана
Бақытты болуды қалаймын мен
Жұмақта да



Бөлісу: