Дильхан Исаев - Періште қыз

Қазақтың арулары қай уақытта болмасын сұлу болған және ары қарай да солай болып қалмақ. Бір-бірінен өткен нәзік жандыларды көргенде амалсыз бас шайқайсыз. Талай ақын жыр жазып, талай адам қол жеткізе алмай арманда қалған бойжеткендердің де алдында сүйіп қосылар қосағы бары һақ. Алайда, тұрмыс құрмаған кезде жігіттердің жүрегін жаралайтын сылқым аруларды көргенде Дильхан Исаевтың өзі "Періште қыз" деп әндеткен екен. Қылығы мен келбеті келіскен аруларға "құлпыра беріңіздер" дегеннен басқа сөз артықтау болар.