Махаббаттың сезіміне батқым келді,
Екі бірдей бойжеткенге жаққым келді.
Екеуі де бір бірінен өткен сұлу
Бір оқпенен екі қоян атқым келді.
Көңілім бос екеуін де қия алмадым.
Екеуіне жүрегімді жыр қып арнадым.
Бірі жоқта біреуін шақырып алып,
«Жалғыз сені сүйемін» деп бекер алдаппын.
Ой неткен, сезім керемет,
Көзімнен сезім себелеп.
Екі қызды бірдей сүйген
Өзімді жүрем төбелеп.
Екі қызға ғашық болып басталғалы –
Сірә маған бақытты күн басталмады.
Ей жігіттер есін болса бір қызды сүй:
Бір жүректің орындалсың басты арманы.