Дәулет Қожаберген - Әдемім менің

"Меломен" тобының жігіттері мен Әбдіжаппар Әлқожаны бейнебаянына актер етіп алған Дәулет Қожаберген жап-жақсы дүние шығарған екен. Атақты әртіс Әсет Иманғалиевті жүргізіуші рөліне тағайындап, алыс жолдардың бірінде қалып қойған жігіттер, керемет отырыстың ортасынан түседі. Ән айтып жүріп, әдемі сұлуға көзі түскен Дәулеттің қолында шары бар көлікпен келген бөгде біреу қасына жақындағаны ұнамады. Сасып қалған сері соңында сұлудан бір хабарын тосып жүреді. Ары қарай не боларын "Әдемім менің" бейнебаянын көру арқылы куә болыңыздар.