Дастан Оразбеков - Әке

1. Сен шұғылалы өмірде, 
Өшпес аңыз болып өткенсің.
Сен мәңгі көңілімде,
Ала асқар болып кеткенсің.

Бар қуанышың сенің,
Өзгені бақытты еткенің.
Қаншама қинаса да өмір
Ешқашан өкпелемедің.

Қайырмасы:
Сен алыстап кетпейсің,
Жоғалмайсың, өшпейсің.
Жүрегімде шуақ болып
Сән мәңгі күлімдейсің.

Біз сағынып өтеміз,
Өтер көктем, өтер күз.
Сен көрсеткен биік шыңға,
Жан әке, біз жетеміз.

2. Сен бар өміріңді
Өзге жандарға арнадың.
Әрқашан біздің бақытымыз,
Жан әке сенің арманың.