Дана Кенталдың жаңадан шығарған бейнебаяны тым ерекше екен. Әдетте, сұлуының соңынан қуып соры қайнаған жігіттер басты рөлде жүруші еді, жаңа клип өзінің креативтілігімен бірденкөзгетүседі. Тастап кеткен серісін өлтіруге ұмтылған әнші қызбейнебаянның басынана аяғына дейінсүйгенінің соңынан қуып жүреді. Барлығын ойдағыдай орындап, оны тұзағына іліндірген сұлу, соңғы қадамды жасауға батылы бармайды. Қайткен күнде де қыз жаны нәзік келетінін осы бір тұста ұғындырып кеткен екен. Кешірмейсің сен неге деп, ғашықтардың ішкі күйінішін көрсете білген жаңа дүниемен сіз де таныс болыңыз.