Дана - Жанымда болшы
Болмау керек сүюдің жолы жаңа,
Қыз үлесі қашан да болу Ана.
«Жаным» деген жігітті жек көрмеңдер,
Өзі сүю қыздардың соры ғана, –
деп Ақұштап Бақтыгереева жырлағандай, әрбір ару өзін қымбат бағалайтын жігіттен айырылмауы тиіс. Себебі сұлуға ғашық болған жігіттің ол үшін бәріне дайын болатыны сөзсіз. Ал, төтеден жол тауып өз сүйгенін іздеуге шыққан қыздың қанжығасы майлануы екі талай. Дәл осы көріністі бейнелеп берген Дана есімді болашақ әншінің "Жанымда болшы" атты жаңа бейнебаянын тамашалаңыздар.